Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандар жазасын өз елінде өтей алады

Қазақстан мен Өзбекстанда сотталғандар жазасын өз елінде өтей алады Сурет: Ашық дереккөз

Өзбекстанда сотталған Қазақстанның 20 азаматы бар


Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әpi өтеу үшін беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.


Қазіргі кезде Қазақстанның бас бостандығынан айыру мекемелерінде 486 Өзбекстан азаматы жазасын өтеп жатыр. Ал, Өзбекстанда Қазақстанның сотталған 20 азаматы бар. Осы орайда, ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев бұл шарттың әлеуметтік маңызын атап өткен еді. Айтуынша, отбасы мүшелерімен, жақындарымен кездесіп тұру сотталған адамға оң ықпал ететіні сөзсіз. Сотталғандарды түзету мақсаты – тек қана оларды жазалау емес, сонымен бірге тәрбиелік ықпал ету, әлеуметтік байланыстарды сақтау.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26