Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін дамытады

Қазақстан мен Өзбекстан зиярат туризмін дамытады Сурет: Yassy-tur.kz

Еліміздің туризм және спорт министрлігі мен Өзбекстанның туризм комитеті осы мақсатта арнайы «Жол картасын» жасады.


Мақсат - Түркі мемлекеттері арасындағы тығыз достық қарым-қатынасты нығайту мен туристер ағынын ұлғайту. Құжатқа сай, екі мемлекет арасында саяхатшылар қатарын арттыруға бағытталған бағдарлама әзірленеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Туристік компаниялардың өзара ақпарат алмасуын жолға қою, бірлескен жобаларды іске асыру жоспарланған. Зиярат туризмін дамыту мақсатында шекарадағы өткізу бекеттерінде келушілер үшін қолайлы жағдай жасау көзделген. Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобус рейстерінің санын ұлғайту да жоспарда бар.



«Бұқара өңірінде жеті пір бар, осы ғұламалардың өмірі жайлы кітаптар бірнеше тілге аударылды, оның ішінде қазақ тілінде де жарық көрген. Киелі мекенді аралап, көзбен көруге қазақстандықтардың қызығушылығы ерекше. Бауырлас екі елдің зиярат туризмін бірлесе дамытуды қолға алғаны аса құптарлық іс», - дейді тарихшы-ғалым Комилжон Рахимов. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:41

20:11

19:52

19:32

18:49

18:13

18:02

17:54

17:40

17:20

17:14

17:01

16:30

16:25

16:18

16:16

16:10

15:53

15:42

15:28

15:20

15:17

15:16

15:15

15:12