Қазақстан мен Өзбекстан теміржол қатынасын жандандырады

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол қатынасын жандандырады
Сурет: Еgemen.kz

Рейстердің «Ташкент – Орталық» теміржол вокзалынан Қазақстанға қатынау жиілігі аптасына үш рет.

«Өзбекстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ келісімі бойынша Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жолаушылар тасымалы қалпына келтіріліп жатыр.

15 мамырдан бастап №647/648 жолаушылар пойызы Нүкіс – Бейнеу – Нүкіс бағыты бойынша қатынай бастайды. Ал осы жылдың 16 мамырынан бастап № 1/2 пойызы Алматы – Ташкент – Алматы бағыты бойынша рейске шығады.

Еске салсақ, Өзбекстан 2020 жылғы наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты сыртқы жолаушылар теміржол қатынасын тоқтатқан еді.