Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы бір жылда бір жарым еседен астам өсті

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы бір жылда бір жарым еседен астам өсті
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстанның тауар айналымы құрылымындағы Қытайдың үлесі 16,1 пайызды құрады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 53,4%-ға артық, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылдың алғашқы айында Қытайға жасалған экспорт көлемі импорт көлемінен асып түсті. Экспорт бірден 77,9%-ға өсіп, 771,7 млн ​​АҚШ долларына жетті. Қазақстан Республикасынан экспорттың жалпы көлеміндегі Қытайдың үлесі 12,7%-ды құрады.

Ал импорт өз кезегінде 31,8%-ға өсіп, 648,5 млн. Қазақстан Республикасына импорттың жалпы көлеміндегі Қытайдың үлесі 23,8%-ды құрады.

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан резиденттерінің Қытайдан келген инвесторлар алдындағы міндеттемелері 13,5 млрд долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 0,4%-ға артық. Екі жылдық құлдыраудан кейін индекс сәл көтерілді.

Қаражаттың басым бөлігін қытайлық инвесторлар Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібіне бағыттады: 2021 жылдың қазанына дейін 2,8 млрд доллар болды, бұл бір жылда  2,2%-ға артық деген сөз.

Сондай-ақ танымал салаларға көлік пен қойма (2,6 млрд доллар, бір жылмен салыстырғанда 21,5%-ға аз) және сауда мен автокөлік жөндеу (2,1 млрд доллар, 20,3%-ға өсті) кіреді.

2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қытайдан келген инвесторлардың жалпы тікелей инвестиция ағыны 1,5 миллиард долларға жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,9 есеге көп.

Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде Қытай инвестициясының жалпы ағыны бір жылда бірден 57,7%-ға қысқарып, 521,8 млн долларға дейін азайған.

2022 жылдың 1 наурызына дейін елде Қытайдың қатысуымен 1,5 мың компания жұмыс істеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 17,4%-ға артық.

Бұл компаниялардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда мен автожөндеу, құрылыс пен тау-кен өндіру салаларында жұмыс істейді. Үздік бестікке енген салаға сонымен қатар өңдеу өнеркәсібі мен кәсіби, ғылыми-техникалық қызмет те кіреді.