Қазақстан мен Қытай арасында үшінші теміржол желісі салынады

Қазақстан мен Қытай арасында үшінші теміржол желісі салынады
Сурет: Inbusiness.kz

Тараптар тиісті құжатқа қол қойды.

Бүгін Сиань қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен қазақ-қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.Инвестициялық жиынға Қытайдың ең ірі компания басшылары қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv арнасының ақпаратынша, олардың өнімін әлем таниды. Мемлекет басшысы бизнесмендерге біздің елдің инвестициялық мүмкіндіктерін айтып берді. Негізгі 7 бағытқа тоқталды. Олар: энергетика, өнеркәсіп, электронды сауда, агроөнеркәсіп, туризм, қаржы саласы. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар іргелі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға келісті.

Тұрғысын өзенінде екінші және үшінші су электр стансасын салу туралы келісім жасалды. Бұдан бөлек, тараптар 1 гигаватт қуат өндіретін жел электр стансасын салу туралы уағдаласты. «Бұл бастамалар Қазақстандағы жасыл энергетиканы дамытуға тың серпін береді», - деді Президент. Сонымен қатар көп ұзамай бізде мыс қорыту зауыты салынады. Кәсіпорын іске қосылса шикізат экспорты азаяды. Осыны ескере отырып, Президент елде өндірілетін мыс концентратын түгелдей өзіміз өңдейміз деді. Сонымен қатар Қазақстандағы қытай автокөліктерін құрастыру көлемі артады.

Саладағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру үшін де тараптар келісім жасасты. Жалпы, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары аясында құны 22 миллиард доллар болатын 47 құжатқа қол қойылды.