Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығы арта түспек

Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығы арта түспек Сурет: видеодан алынды

Қырғызстан – Қазақстан үшін Орталық Азиядағы негізгі серіктес және одақтас мемлекеттің бірі. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді, -деді деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ол Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің төрағасы Нұрланбек Шакиевпен кездесті, деп жазды  Almaty-akshamy.kz.


Тараптар  парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және елдер арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Бүгінде екі ел арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында әртүрлі салада 150-ден астам шарт пен келісімді қамтитын берік құқықтық база қалыптасты. Сонымен қатар кездесу барысында су ресурстарын басқаруға қатысты ынтымақтастықты нығайту ісіне Парламент депутаттарының қатысу мәселесі сөз болды. Одан бөлек, сұхбат кезінде екі ел арасындағы өңіраралық өзара іс-қимылды арттыру, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту мәселелері әңгімеге арқау болды.



 - Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін біздің қарым-қатынастарымыз басталды. Жаңа бір кезең басталды. Қарым-қатынастарымыздың жаңа деңгейге шығуына біздің Президенттеріміздің үлесі өте үлкен екенін айтуымыз керек. Бізде парламенттер тарапынан да Президенттеріміз берген тапсырманы орындау үшін жан-жақты қарым-қатынастарымызды дамытып жатырмыз.  Соңғы жылдары біздің парламентаралық қатынасымыз жаңа серпін алды десек болады, -деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/sayasat/item/606776-aza-stan-men-yr-yzstan-yntyma-tasty-y-arta-t-spek
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26

17:26