Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Cурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Әскери ынтымақтастық бітімгершілік қызметке негізделген

Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары полковник Валерий Вишникин Канаданың Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Әскери атташесінің орынбасары 2-дәрежелі капитан Рональд Готьемен кездесті.
Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму көкжиегін, тілдік даярлық, бітімгершілік бөлімшелердің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арттыру мәселелерін талқылады.
Қазақстан мен Канаданың әскери ынтымақтастығы бітімгершілік қызметке негізделген. Осы тұрғыда БҰҰ-ның бітімгершілік бастамаларын ілгерілетудегі Канаданың рөлін атап өткен жөн.