Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналым көлемі өсті

Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналым көлемі өсті
Сурет: Qazaqtv.com

Өткен жылмен салыстырғанда 54,6%-ға өскен.

Қазақстанға Грузиядан әкелінетін минералды сулар мен жүзім шараптарының көлемі өскен. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда $13,1 млн құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 54,6%-ға жоғары ($8,4 млн), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазақстандық тауарлардың экспорты 13,8%-ға төмендеп, $6,1 млн құрады.

««QazTrade» компаниясының деректеріне сәйкес, қаңтар-ақпанда Қазақстан Грузияға мұндай тауарларын, мұнай өнімдерін және газдарды экспорттаған жоқ. Алайда, жалатылған болаттан жасалған жалпақ прокатты (өсім 9,6 есе $1,8 млн-ға дейін), ферроқорытпаларды (өсім 3,1 есе $1,7 млн-ға дейін), бидайды (58,6%-ға), коксты және жартылай коксты жеткізудің өсуі байқалды. Қырыну құралдарын, дезодоранттарды, ваннаға арналған құрамдарды жеткізу 30,1 есе өсті (12,7 мыңнан 381,9 мың долларға дейін)», - делінген Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ферроқорытпалар, қара металдардан жасалған металл конструкциялар және тас көмір де Қазақстаннан экспортталатын негізгі тауарлар болып табылады.

2022 жылғы қаңтар-ақпанда Грузиядан Қазақстанға импорт 5 есе өсіп, $7,0 млн құрады.

Бәрінен де минералды суларды (19,6 есе $4,3 млн-ға дейін өсті), табиғи жүзім шараптары (3,5 есе $1,3 млн-ға дейін өсті), минералды және газдалған сулар, қант (5,9 есе $779,6 мың долларға дейін өсті), күшті спирттерді жеткізу (65,9-дан 253,8 мың АҚШ долл. дейін) ұлғайды. 

Вакциналар, қан сарысуы, қан (60,4% - 57,9 мың долларға дейін), басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген жемістер, жаңғақтар (45,7%-92,4 мың долларға дейін) сияқты тауарлардың импорты төмендеді.

2021 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымы $88 млн., экспорт $28,1 млн., импорт $59,9 млн құрады.