Қазақстан мектептерінің 96,7%-ы интернетке қосылған

Қазақстан мектептерінің 96,7%-ы интернетке қосылған
Сурет: Vlast.kz

Елімізде жалпы білім беретін 7550 мектеп бар. Оның 69,6%-ы ауылда орналасқан.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша, отандық мектептердің 96,7%-ы интернет желісіне қосылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz cілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, білім ордаларының жалпы санының 67,1%-ы заманауи жабдықтармен, модификацияланған оқу кабинеттерімен жабдықталған.

"Елдегі барлық мектеп ауыз судың негізгі көздеріне қосылған және қажет деген жабдықтары бар бөлек дәретханалармен қамтылған. Жылы дәретханалар мектептердің 78,4 пайызында ғана бар, білім беру мекемесінің 1 пайызында дәретханалар сыртта орналасқан", - делінген хабарламада.