Қазақстан мектептері оқу жылын 25 мамырда аяқтайды

Қазақстан мектептері оқу жылын 25 мамырда аяқтайды
Сурет: Azh.kz

Министр бұйрыққа қол қойды.

Қазақстан окушылары 25 мамыр күні оқу жылын аяқтайды. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов арнайы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Еліміздің мектептерінде оқу жылын аяқтау және емтихандарды өткізу туралы бұйрыққа қол қойдым. Барлық қазақстандық орта білім беру мекемесі оқу жылын 25 мамырда аяқтайды. Жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады», - деп жазды министр телеграм каналында.

Министрдің хабарлауынша, 9 және 11-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Ал мектеп оқушыларының каникулы 1 қыркүйекке дейін жалғасады.