Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші жарысына қатысады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші жарысына қатысады
Сурет: Tengrinews.kz

Маусым айында Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының 2022/23 жылғы жаңа маусымын бастайды.

Жеребе қорытындысы бойынша қазақстандықтар Словакия, Әзербайжан және Беларусь командалары қарсылас болатын 3 «С» дивизионының тобына түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 

2022 жылғы футбол күнтізбесінің ерекшелігіне байланысты біздің құрама маусым айында төрт матч өткізеді – екеуі өз елімізде және екеуі сырт алаңда.

Сонымен, 3 маусымда Қазақстан Ұлттар лигасын Әзербайжан құрамасына қарсы матчпен өз елімізде бастайды. Ойын елорда уақытымен 20:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Үш күннен кейін біздің команда сырт алаңда Словакиямен ойнайды. Матч Трнава қаласындағы «Антон Малатинский» стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні сағат 00:45-те басталады.

10 маусым күні қазақстандықтар үшінші матчын Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. УЕФА Атқару комитетінің шешімімен ойын бейтарап аумақта Сербияның Нови-Сад қаласындағы «Караджорже» стадионында өтеді. Өкінішке қарай, стадионнан ойынды тамашалауға жанкүйерлерге тыйым салынған. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 10 маусымнан 11 маусымға қараған түні сағат 00:45-те басталады.

13 маусымда біздің команда Ұлттар лигасының топтық кезеңінің маусым кезеңін Словакияға қарсы үйдегі кездесуімен аяқтайды. Матч елорда уақытымен 20:00-де «Астана Аренада» басталады.

Ұлттар лигасының топтық кезеңінің қорытынды ойындары күзде болмақ. 22 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Беларусь құрамасын қабылдайды, ал үш күннен кейін біздің команда сырт алаңда Әзірбайжан құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасының барлық матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Футболдан УЕФА Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының 2022/23 жылғы күнтізбесі:

«С» лигасы, 3-топ

1-тур

03.06.2022

Қазақстан – Әзербайжан 20:00

«Астана Арена», Нұр-Сұлтан.

2-тур

07.06.2022

Словакия – Қазақстан 00:45

«Антон Малатинский» стадионы, Трнава, Словакия.

3-тур

11.06.2022

Беларусь – Қазақстан 00:45

«Караджордже» стадионы, Нови-Сад, Сербия.

4-тур

13.06.2022

Қазақстан – Словакия 20:00

«Астана Арена», Нұр-Сұлтан.

5-тур

22.09.2022

Қазақстан – Беларусь 20:00

Өткізу орны кейін анықталады.

6-тур

25.09.2022

Әзербайжан – Қазақстан 22:00

Өткізу орны кейін анықталады.