Қазақстан құрамасы садақ атудан әлем кубогі кезеңіне дайындыққа кірісті

Қазақстан құрамасы садақ атудан әлем кубогі кезеңіне дайындыққа кірісті
Сурет: Olympic.kz

Әлем кубогіне дайындық қызу жүріп жатыр

Ұлттық құрама спортшылары 26 сәуір күні Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында оқу-жаттығу жиындарына кірісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Мергендер мамырдың 13-іне дейін шеберліктерін шыңдайды. 

Әлем кубогі кезеңінің екінші кезеңі 16-22 мамыр күндері Кванджоуда (Оңтүстік Корея) өтеді.