Қазақстан құрамасы кубик жинаудан Азияның үздіктері атанды

Қазақстан құрамасы кубик жинаудан Азияның үздіктері атанды
Сурет: 24.kz

Елордада кубик жинаудан өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. 

Жалпы командалық есепте 13 медальмен Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Екінші орынды Үндістан еншілесе, үштікті Қытай түйіндеді. Спидкубиктен Азия чемионатына әлемнің 13 елінен 116 азамат келді. Олардың ішінде Жапония, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де елдердің мықтылары бар. Шапшаң ойлы әрі епті қыз-жігіттер кубикті 17 түрлі әдіспен жинайды. Яғни көзін жұмып, топпен, жұппен, жеке жинайтындары бар. Ең жас қатысушы 7-де, ал ең үлкені 54 жаста. Дегенмен басым бөлігі - 14-25 арасындағы оқушылар мен студенттер. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 9 мың доллар. Айта кетейік, Қазақстан - ТМД елдерінің ішінде жылдамдыққа кубик жинау жарысын өткізу мәртебесін жеңіп алған алғашқы мемлекет.

«Жалпы, Қазақстан 2017 жылдан бастап бірінші жарыс өткізді және көбісі жақсы нәтижелерді көрсетті. Сол кезде біздің рекордымыз 9 сек болды. Қазақстандықтарға ол ең тез болып саналды. Қазір біздің рекордымыз 6,65 сек. Әр қатысушы осыдан асыруға тырысып жатыр. Олар күніне әр дисциплинадан 200-300 рет жинайды», - деді жарысқа қатысушы Әли Ахатов.