Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде үшінші жеңісіне жетті

Қазақстан көгалдағы хоккейден Азиадаға іріктеуде үшінші жеңісіне жетті
Cурет: Inform.kz

Ойын барысында Қазақстан құрамасы жинақы қимыл көрсетті

Көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына іріктеу сатысында үшінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жолы қазақстандық хоккейшілер Камбоджамен шеберлік байқасты. Ойын барысында Қазақстан құрамасы жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсыласын 4:0 есебімен сүріндірді.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны бәсеңдеген жоқ. Қазақстандық хоккейшілер басымдығын арттыра түсті. Кездесу қазақстандықтардың басымдығымен 9:0 есебімен аяқталды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Индонезияны 1:0, Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңген болатын.

Ел құрамасы іріктеу кезеңінде Өзбекстан, Индонезия, Гонконг, Шри-Ланка, Камбоджа және Сингапурмен шеберлік байқасады.

Еліміздің әйелдер құрамасы Азия ойындары финалдық сатысында төрт мәрте қатысты.

1998, 2014 жылдарда 6-орын алса, 2010 жылы - 7, 2018 жылы 10-орынды місе тұтты.