Қазақстан қыздары Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында нешінші орын алды?

Қазақстан қыздары Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында нешінші орын алды?
Сурет: sportx.kz

Шешуші ойында Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жеңіске жетті

Үндістанның Ченнаи қаласында өткен Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орын алды деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Шешуші ойында Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева жеңіске жетті. Ал Ксения Балабаева тең ойнаса, Гүлісхан Нахбаева қарсыласына есе жіберді. Қазақстан шахматшылары Үндістанда болған сайыста сегіз рет жеңіп, бір рет тең ойнап, екі рет жеңілді.

Спорт Шредингера Telegram арнасының хабарлауынша, Олимпиада «алтынын» Украина құрамасы жеңіп алды. Құрамында Юлия Осьмак, Анна Ушенина, Анна Музычук, Мария Музычук пен Наталья Буксы бар Украина командасы жеті рет жеңіске жетіп, төрт рет тең ойнады. Олар бірде-бір рет жеңілмеді. Ал күміс жүлдені Грузия шахматшылары иеленсе, қола жүлдені Үндістан шахматшылары алды.

Ерлер жарысында Өзбекстан құрамасы Олимпиада чемпионы атанды. Қазақстанның ерлер командасы 188 мемлекеттің ішінен 17-орынға ие болды.