Қазақстан қыздары Болгария құрамасын ірі есеппен жеңді

Қазақстан қыздары Болгария құрамасын ірі есеппен жеңді
сурет:inform.kz

Хоккейден Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы Болгарияны ойсырата жеңді.

Шайбалы хоккейден жасөспірім қыздар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Болгариядан ірі есеппен басым түсті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.

Алғашқы кезеңде қазақстандық хоккейшілер қарсылас құрама қақпасына бес шайба соқты. Екінші кезеңде болгариялық хоккейшілер бір шайба соқса, оған қазақстандықтар тағы үш шайбамен жауап берді.

Нәтижесінде ел құрамасы қарсыласынан 8:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер енді бүгін, 28 қаңтарда, сағат 20:30-да екінші ойынын Жаңа Зеландияға қарсы өткізеді.