Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбар ата ГЭС-1-ді бірлесіп салуға уағдаласты

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан Қамбар ата ГЭС-1-ді бірлесіп салуға уағдаласты
Сурет: Ашық дереккөзі

Қамбар ата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ.

2023 жылғы 6 қаңтарда Бішкек қаласында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов «Қамбар ата ГЭС-1 құрылысы» жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қол қойылған Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы уағдаласты және электр станциясын уақтылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.

Қазақстанның жобаға қатысуы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылады.

Қамбар ата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ. Бұл Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.