Қазақстан кикбоксингтен әлем кубогында 61 медаль алды

Қазақстан кикбоксингтен әлем кубогында 61 медаль алды
Сурет: Ашық дереккөз

42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты

Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен кикбоксингтен жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында ел құрамасы 20 алтын, 13 күміс, 28 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ел құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды. Ал Түркия құрамасы жеңімпаз атанды, өзбекстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

Кикбоксингтің бірнеше түрі бойынша өткен жарысқа 42 мемлекеттен 2807 спортшы қатысты.

Айта кетейік, кикбоксингтен мемлекеттік жаттықтырушы - Нұрболат Рысмағанбетов.