Қазақстан халқының Бірлігі күні: Алматыда 1 мамырда қалай мерекеленеді

Қазақстан халқының Бірлігі күні: Алматыда 1 мамырда қалай мерекеленеді
almaty-akshamy.kz

Қазақстан халқының Бірлігі күніне арналған қалалық концерт 1 мамырда Абай алаңында Республика сарайының алдында сағат 10:00-де өтеді.

Концерт «Жасstars» тобының және ҚР мемлекеттік еңбек сіңірген «Салтанат» би ансамблінің орындауындағы «Қазақстан – достық бесігі» вокалдық-би композициясымен ашылады. Ерболат Құдайбергенов, Рүстем Нұржігіт, Данияр Өтеген, Мәди Рымбаева, Дильназ және Дильшат Ахмадиевтер, Төреғали Төреәлі, Дидар Каден, Aldaspan топтары және т. б. өнер көрсетеді деп жоспарлануда.

Алматы - ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдардағы мәдени және туристік астанасы. Осыған орай, халқымыздың Бірлік күні қала Татарстан, Өзбекстан және Беларуссиядан келген қонақтарды қарсы алады. Концертке халықаралық байқаулардың лауреаты Зарина Хасаншина, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, Башқұртстанның халық әртісі Жеңісбек Пиязов және Беларусь Республикасының еңбек сіңірген артисі Жанет Бутерус қатысады. Мерекелік концерттің жалғасы ретінде қазақ, армян, корей, кавказ, түрік, ұйғыр, поляк ұлттық билері және Қазақстанның басқа халықтарының билері ұсынылады.

Дәл осы күні Абай алаңында Қазақстан халықтарының тағамдары фестивалі өтеді, онда 15 мейрамхана қазақ, корей, грузин, орыс, ұйғыр және үнднің ұлттық тағамдарын ұсынады.

1 мамыр күні сағат 11.00-де Жібек Жолы, Панфилов көшелерінде және Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы Ш.Уәлиханов атындағы скверде мерекелік іс-шаралар өтеді. Концерттік бағдарламалар "Алматы Әуендері" әртістерінің және "Алатау" дәстүрлі өнер театрының, Қазақстан халқы Ассамблеясының, музыкалық топтар мен ди - джейлердің қатысуымен жоспарланған.

 

Мерекелік шаралар қаланың басқа аудандарында да өтеді:

- Алатау ауданында мерекелік шара атлеттер ауылында сағат 14:00-де өтеді;

- Алмалы ауданында Арбатта (Жібек жолы көшесі) сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін мерекелік концерт, көрме және тағам фестивалі өтеді;

- Әуезов ауданында «Халық бірлігі күніне» арналған түрлі ұлтттардың көрмелері және мерекелік концерт Family Park демалыс саябағында сағат 11: 00-де өтеді;

- Бостандық ауданында мерекелік іс-шара MEGA Alma-Ata СОО-да сағат 11:00-де өтеді;

- Жетісу ауданында мерекелік бағдарлама «Гүлдер» саябағында сағат 11: 00-де өтеді;

- Медеу ауданында мерекелік іс-шара Ғылым Академиясы ғимаратының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) сағат 11:00-де өтеді;

- Наурызбай ауданында мерекелік концерт аудандық әкімдік ғимаратының алдында (Шұғыла шағын ауданы, 347) сағат 11:00-де өтеді;

- Түрксіб ауданында №6 оқушылар үйінде (Сейфуллин даңғылы,13) сағат 12:00-де концерт болады.