«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы ауысты
Сурет: Inform.kz

Бұл қызметке Қайырбек Сүлейменов сайланды.

«Қазақстан халқына» қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Пя Юрий Владимирович Қамқоршылық кеңестің жұмыс көлемінің көп болуына байланысты төрағаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusness.kz сілтеме жасап.

Пя Юрий Владимирович University Medical Center корпоративтік қорын басқарады.

Қордың Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов сайланды.

Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары болып дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Денсаулық сақтау ісінің үздігі Аманжолова Зәуреш Жұманәліқызы сайланды.