«Қазақстан халқына» қоры тағы бір баланың еміне қажет қымбат препаратты сатып алды

«Қазақстан халқына» қоры тағы бір баланың еміне қажет қымбат препаратты сатып алды
Сурет: Egemen.kz

Қор бағасы қымбат тұратын «Онасемноген абепарвовек» (Zolgensma) препаратының тағы біреуін сатып алды.

Қордың мәліметінше, препаратты Қазақстанға Novartis өндіруші компаниясы жеткізген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Жұлын бұлшық етінің атрофиясы диагнозы қойылған кішкентай Фирдаус Қайратқа дәрі енгізілді. Қазір балақай анасымен бірге Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталығында дәрігерлердің бақылауында жатыр. Бұған дейін емделушіден биоматериал алынып, балаға арнайы дәрілік өнімді әзірлеу үшін Novartis компаниясына жіберілген»,- деп жазды ұйымнан.

Еске сала кетейік, қор бұған дейін SMA диагнозы бар балаларға арналған төрт Zolgensma препаратын сатып алған болатын.