Қазақстан халқы үлкен саяси науқанның алдында тұр

Қазақстан халқы үлкен саяси науқанның алдында тұр
Cурет: Almaty.tv

Конституциялық өзгерістерге қатысты Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессор-оқытушылары осындай пікір айтты.

Кездесу барысында референдумның мән-маңызы түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Олар Ата Заңның 33 бабына енгізілетін 56 толықтырулар туралы студенттерге түсіндірді. Кездесу барысында референдумның мән-маңызы сөз болды.

«Қоғамымыз үлкен өзгерістердің қарсаңында тұр. Үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Бірақ сол процестерді дамыту үшін белігілі бір жүйеге салу үшін бізге Конституцияға өзгерістер енгізу. Біраз билік пен қоғам биліктің өзара ішіндегі қарым-қатынастарды өзгертуге тура келеді. Бұл референдумның өтуі Конституцияға үлкен өзгерістердің енгізуі бұл аса қажетті дүние деп есептеймін», – деді Ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры Аязби Бейсенқұлов.

«Біздің қазақ халқымызға Қазақстанның бүкіл азаматтарына берілген мүмкіндік болып тұр. Бұл мүмкіндігімізді халық әбден оянып, пайдалануымыз керек. Сондықтан қазіргі күні біз өз-өзімізді өзгертуіміз керек. Оянуымыз керек. Сонда біз дұрыс жолмен кетеміз», – деді ХАТУ-дың профессоры, саяси ғылымдарының докторы Дулатбек Қыдырбекұлы.