Қазақстан халқы бургер жеуден алдына жан салмай тұр

Қазақстан халқы бургер жеуден алдына жан салмай тұр
Сурет: Inbusiness.kz

Қазақстандықтар бургерлерді тұтыну көрсеткіші жөнінен Орталық Азияда көш бастап тұр.

Мұндай есепті Glovo компаниясы жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ulysmedia.kz ақпаратына сүйенсек, республика үлесіне өңірлік тұтынудың жалпы көлемінің 47%-ы тиесілі.

Сонымен қатар, Қазақстан бургерлерді ең көп тұтынатын елдердің әлемдік рейтингінде Испания, Италия, Румыния, Польша және Португалиядан кейін алтыншы орында тұр. Алайда, егер шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын ғана назарға алсақ, Қазақстан 2022 жылы бургерлерді әлемдік тұтынудың 31%-на тең көрсеткішпен әлемде үшінші орынға көтеріледі. Бұл елде тұтынылатын гамбургерлердің 20%-ын шағын бизнес өндіреді.

Қазақстандықтар бургерлерді түскі ас кезінде де, кешкі ас кезінде де тұтынады. Бірақ кешкі ас кезінде,  әсіресе, кешкі сағат 19:00-ден кейін тұтыну көрсеткіші біршама жоғары. Орташа алғанда, гамбургерлердің 35%-ы күн сайын 18:00-ден 21:00-ге дейінгі аралықта тұтынылады, ал тұтынудың 27%-ы 12:00-ден 15:00-ге дейінгі уақытқа тұспа-тұс келеді.

Қалаларға келетін болсақ, ең жоғары көрсеткіштерді Алматы (жалпы жылдық тұтынудың 70,6%-ы), Астана — 11,7% және Шымкент — 8,87% көрсетті. Бірақ бургерлерді тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда ең көп өскен қалаларға назар аударатын болсақ, Ақтау (+170%), Атырау (+150%) және Павлодар (+99%) қалаларын атап өту қажет.