Қазақстан Гиннес кітабына енгізілген 106 рекорд орнатты

Қазақстан Гиннес кітабына енгізілген 106 рекорд орнатты
Сурет: Сnews.ru

Бұл - тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы жетістіктер көрсеткіші.

Гиннестің рекордтар кіта­бы 1955 жылы жарық көрген. Кітапқа Ирландиялық сыра қай­на­тушы «Гин­несс» компаниясының басшысы Хью Бивердің тапсырыс берген. Сол кезден бастап оған түрлі рекордтар тіркеліп отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Гиннес кітабына енгізілген 106 рекорд орнатты. Гиннестің рекордтар кітабында тіркелген соңғы рекорд - «Шымбұлақ» курорты болды. Ол «Әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы» номинациясы бойынша Гиннестің әлемдік рекорд кітабына кірді.

Қазақстан алғаш рет рекордтар кітабына «теңізге шығар жолы жоқ құрлықтағы ең үлкен мемлекет» ретінде кірген болатын.

Сондай-ақ Қазақстанда жаппай спорттық іс-шара бойынша рекорд орнатылды. Оған бүкіл ел бойынша 4,8 миллион адам қатысқан.