Қазақстан Германиядан мал әкелуге шектеулерді алып тастады

Қазақстан Германиядан мал әкелуге шектеулерді алып тастады
Сурет: Rbc.ru

Шектеу 5 мамырдан бастап күшін жойды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жеріндегі блутанг бойынша эпизоотиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 2022 жылғы 5 мамырдан бастап блутанг бойынша Қазақстан Республикасына әкелуге бұрын енгізілген уақытша шектеулердің күшін жояды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Eldala.kz сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жерінен келесі тауарларды әкелуге шектеулер алынып тасталды:

- тірі ірі және ұсақ қара малды, блутангқа сезімтал жабайы, хайуанаттар бағы мен цирк жануарларын, түйелерді және түйе тұқымдастарының басқа да өкілдерін (тайтайлақтар, альпакалар, викунья);

- тұқымдық бұқалардың, қошқарлардың және ешкілердің ұрықтары, ірі және ұсақ қара малдың эмбриондары.