Қазақстан футбол чемпионатында «Тұран» мен «Ақжайық» тең тарқасты

Қазақстан футбол чемпионатында «Тұран» мен «Ақжайық» тең тарқасты
Сурет: Inform.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турында «Тұран» Түркістанда Оралдың «Ақжайығын» қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қос команда да бірінші лигаға түсіп қалатын қауіпті аймақта тұрғандықтан, ұпай ауадай қажет еді. Өткен жылғы біріншілікте «Ақжайық» Түркістанда 2:0 есебімен жеңіске жетіп, Оралда 1:1 есебімен тең ойнаған еді.

Бұл жолы бірінші таймның 25-минутында «Ақжайық» сапындағы бразилиялық Рафаэль Сабиноның басына тиген доп ресейлік Степан Сикач қорғаған қақпаға кіріп кетті. Екінші кезеңде 52-минутта оралдықтар ұйымдастырған шабуылдан кейін команда капитаны, ресейлік Сергей Шустиков допты тоқтатпастан дәл тебе білді – 1:1. Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ. 12 ұпайдан жинаған «Тұран» мен «Ақжайық» 12-інші және 13-орындарда қалды.

Бұл турда «Ақсуды» 5:0 есебімен ойсырата ұтқан «Астана» командасы 24 ұпаймен турнир кестесінде көш бастады. Келесі турда батысқазақстандық клуб 25 маусымда өз алаңында «Ордабасыны» (Шымкент) қабылдаса, бір күннен кейін түркістандықтар Ақтауда «Каспиймен» кездеседі.