Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысуын аяқтады

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысуын аяқтады
Сурет: Egemen.kz

Қазақстан құрамасы қай орынға тұрақтады

Қазақстан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысуын аяқтады, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.
Еліміздің шахматтан әйелдер құрамасы 162 команданың ішінен 8-ші орынға ие болды. Жалпыкомандалық есепте Үндістан шахматшылары жеңімпаз атанған.
Ерлер құрамасы турнирді 188 команданың ішінде 20-шы орынмен аяқтады. Бұл бәсекеде Өзбекстан ерлер құрамасы бірінші орынға ие болды.
Бүгін Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының соңғы турында Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамас Үндістанның үшінші құрама командасымен ойнады.
Спорт Шредингера Telegram арнасының хабарлауынша, Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанды 2,5-1,5 есебімен ұтқан.
Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қол жеткізді. Ксения Балабаева тең ойынға түссе, Гүлісхан Нахбаева жеңіліп қалған.
Қазақстандық шахматшылар Үндістанда өткен олимпиаданы сегіз жеңіс, бір тең ойын және екі жеңіліспен аяқтады.