Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша 58-орында тұр

Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша 58-орында тұр
Сурет: 24.kz

Бұл рейтингте 95 елдің көрсеткіші қарастырылған.

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 95 елдің ішінде 58-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еnergyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда амбулаторлық-емханалық қызметтің бағасы бір айдың ішінде 2 пайызға дерлік өскен.

Денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингіндегі Қазақстанның индексі 59,99 болды. Индекс неғұрлым жоғары болса, денсаулық сақтау жүйесі соғұрлым жақсы болады.

Денсаулық сақтау жүйесінің сапа индексі дәрігерлерді, медицина қызметкерлерін, жабдықтарды, қызметтердің құнын, т.б. бағалайды.

Тайвань, Оңтүстік Корея және Жапонияның денсаулық сақтау жүйесі үздік деп танылды. Ең нашар көрсеткіштер Венесуэлаға тиесілі болған.

Рейтингке қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үздік болып шықты. Ресей, Украина, Беларусь және Әзірбайжанның көрсеткіштері Қазақстаннан да нашар екен.

Ағымдағы жылдың ақпан айында амбулаторлық-емханалық қызметтердің бағасы айына 1,8%-ға, жылына 6,4%-ға өсті.

Ай сайынғы динамика бойынша дәрігерлік амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметі 6,1%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдаулары 2,1%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 1,4%-ға, стоматологиялық қызметтер 0,6%-ға өсті.

Жылдық динамика бойынша дәрігерлік амбулаториялардағы маман дәрігерлердің қызметі 9,8%-ға, дәрігердің алғашқы қабылдаулары 8,5%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 5,8%-ға, стоматологиялық қызметтер 4,4%-ға қымбаттаған.

2020 жылы Қазақстанда барлық саладағы 76,4 мың дәрігер (стоматологтарды санамағанда) есепке алынған, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,2%-ға артық.

Дәрігерлердің көпшілігі Алматыда жұмыс істейді: 13,5 мың адам, бұл жылына 3% артық деген сөз. Үздік үштікке сондай-ақ елорда (9 мың адам, жыл бойынша 4,9% артық) және Қарағанды ​​облысы (6,4 мың адам, 2,4% артық) кірді. Дәрігерлері ең аз  аймақ Солтүстік Қазақстан облысы болды, мұнда небәрі 1,7 мың дәрігер ғана бар екен.

Әрбір 100 000 адамға шаққанда 405 дәрігерден ғана келеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 2%-ға көп. Дәрігерлермен ең көп «қамтамасыз етілген» ел астанасы, Алматы және Қарағанды ​​облысы болса, ең нашар жағдай Ақмола, Алматы және Түркістан облыстарында байқалды.

Әрбір 100 мың қазақстандыққа есептегенде 14 провизор, 21 фармацевт, 323 маманданған дәрігер, 10 тіс дәрігері келеді.