Қазақстан банктерінің активтері азайды

Қазақстан банктерінің активтері азайды
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

2023 жылдың сәуір айында Қазақстан банктерінің активтері 184 млрд теңгеге азайды.

Бұл туралы Ұлттық банк есебінде айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан банктерінің активтері сәуір айында 184 млрд теңгеге немесе 0,4%-ға азайып және 2023 жылғы 1 мамырға 44,8 трлн теңгені құрады. Қарыздар да қысқарды – 392 млрд теңгеге немесе 39 трлн теңгеге дейін», – делінген Ұлттық банк есебінде.

Құжатқа сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің капиталы 2023 жылғы сәуірде 207 млрд теңгеге – 5,9 трлн теңгеге дейін өскен.

Пассивті жиынтық бойынша көрсеткіштер де біршама өзгерген. Сәуірде ол 45 трлн құраса, мамыр айындағы көрсеткіш 44,8 трлн теңге болған.

Ал халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар көлемі керісінше өскен. Сәуір айында бұл көрсеткіш 50 млн теңгеден мамыр айында 65,9 млн теңгеге жеткен.