Қазақстан аумағында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қазақстан аумағында 5,4 балдық жер сілкінісі тіркелді
Сурет: Ашық дереккөз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен сағат 19:02-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 628 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 11,7. MPV магнитудасы – 5,4. Тереңдігі – 5 км.

МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түскен жоқ.