Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 6 ай мерзімге ұзартылды

Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 6 ай мерзімге ұзартылды Сурет: Primeminister.kz

2024 жылғы 12 наурызда Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелік ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия сыртқы сауданы реттеу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылдады.


Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын шығаруға тыйым салу 6 ай мерзімге ұзартылды. Бұған дейін тыйым шекара маңындағы елдерге сұйытылған мұнай газын шығару және ішкі нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында салынған болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бидайды автомобиль, теміржол, сондай-ақ су көлігімен әкелуге тыйым салу тағы жарты жылға ұзартылды. ҚР-ға бидайды Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан әкелудің және оны автомобиль көлігімен кері экспорттаудың «схемаларын» іске асыру қаупі әлі де сақталуда. Өз өнімдерін өндіру және тұтыну үшін ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға теміржол арқылы тасымалдауға ерекше жағдайлар жасалды. Әкелінетін бидайды ішкі және сыртқы нарықтарда сатуға болмайды.


Сондай-ақ қытайлық мойынтіректер өндірушілері мен үндістандық электродтар өндірушілеріне қатысты демпингке қарсы шараларды 5 жылға ұзарту мақұлданды. Бұл шаралар ұқсас тауарлардың отандық өндірушілерін қорғау үшін қабылданды. Мойынтіректер үшін демпингке қарсы баж салығы тауар құнының 31,3-41,5%-ын, графиттелген электродтар үшін 16,04-32,83%-ын құрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55