Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады

Қазақстан алдағы жеті жылда 150 млрд доллар инвестиция тартады
Сурет: Answr.pro

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров мәлімдеді.

Қазақстан шетелден жыл соңына дейін 24 млрд доллар инвестиция тартады, ал алдағы 7 жылда 150 млрд доллар инвестиция тартуды көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министрліктің айтуынша, инвестиция көлемін арттырып қана қоймай, пайдасы бар салаларға салу керек. Қазақстанға инвестор мемлекеттер - Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия, Сингапур, Қытай, Жапония және Ресей, Оңтүстік Корея мен Бельгия және Ұлыбритания мемлекеттері. Жалпы инвестицияның 90 пайызын дамыған 20 мемлекет қамтамасыз етіп отыр.

«Геосаяси және қаңтар оқиғасына қарамастан, Қазақстан инвесторлардың сенімінен шықты. Өткен жылы 14 млрд доллар инвестиция тарттық. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 28 пайызға артық. Жыл аяғына дейін 24 млрд инвестиция тарту көзделіп отыр. Президент тапсырмасына орай алдағы 7 жылда 150 млрд доллар инвестиция тарту жоспары тұр», - деп мәлімдеді Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Қазақстан шетелдік 300-ге жуық компаниямен серіктестік қарым-қатынаста 3 мың кездесу ұйымдастырылған. Шетелдік инвесторлордың арқасында жыл сайын 40 ірі жоба жүзеге асып келеді. Биыл да 36 ірі жоба іске қосылды.

«Инвестициялық жобалардың жалпы ұлттық пулын құрдық. Болашақта құны 32,4 трлн болатын 935 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Бұл жобалардың 156-сы іске қосылды», - дейді Алмас Айдаров.

Жыл аяғына дейін жалпы құны 2,3 трлн болатын 191 жоба іске қосылады.