Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді

Қазақстан әскерлерінің киім формасы өзгереді
Cурет: Baq.kz

ҚР Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі

 Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Ведмоствоның атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.