Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ-ға мүше елдермен оқу-жаттығу өткізуге дайындалуда

Қазақстан әскерилері ҰҚШҰ-ға мүше елдермен оқу-жаттығу өткізуге дайындалуда
Сурет:Inform.kz

Аталмыш шара күзде өтеді.

Күзде Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің бірқатар командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығу өтеді», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің «Шекара – 2022» бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда бітімгершілік бөлімшелерінің «Мызғымас бауырластық – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтетінін айта кеткен жөн.

Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.