Қазақстан 4 айдың ішінде 160 елмен сауда жасады

Қазақстан 4 айдың ішінде 160 елмен сауда жасады
Сурет: Kaztrade.ru

Қазақстанның тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-сәуірде $39,7 млрд құраған.

Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,8%-ға жоғары ($28,2 млрд), деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Экспорт 59,8%-ға өсіп, $26,5 млрд, импорт 13,7%-ға өсіп, $13,2 млрд болды.

Биылғы жылдың алғашқы 4 айында 160 елмен сауда-саттық жасалған.