Қазақстан 2023 жылы мұнай жеткізілімін тәулігіне 146 мың баррельге көбейтеді

Қазақстан 2023 жылы мұнай жеткізілімін тәулігіне 146 мың баррельге көбейтеді
Сурет: Inform.kz

ОПЕК сарапшылары мұндай сценарийді қараша айындағы есебінде айтты.

Бұл оның алдында жасалған болжаммен салыстырғанда 28 мың баррельге артық екенін айта кеткен жөн. Мамандар мұны «Қашаған» мен «Теңіз» және «Қарашығанақ» кен орындарында қара алтын өндірісінің біршама артуымен байланыстырады. Алайда «ОПЕК-ке кірмейтін» елдер үшін алдағы жылға арналған мұнай жеткізілімінің өсіміне қатысты қазан айындағы болжам өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Jjtv.kz-ке сілтеме жасап. 

Яғни,  ол тәулігіне бір жарым миллион баррельді құрайды. Өсімді Қазақстан, АҚШ, Норвегия, Бразилия, Канада және Гайана сынды ірі мұнай экспорттаушы елдер қамтамасыз ете алады деп жоспарлануда.  

Дегенмен ОПЕК әлем бойынша мұнайға сұраныстың артуына қатысты болжамын биыл тәулігіне 100 мың тонна баррельге азайтып, екі жарым миллион, ал 2023 жылы дәл сол тәуліктік көрсеткішке сай 2,2 миллион барельге төмендетті. Сарапшылардың пікірінше, жаһандық пандемия мен геосаяси жағдайларға байланысты әлемдік экономиканың тұрақсыздығы сұйық  көмірсутектерді тұтынудың азаюына әкеп соғуы мүмкін.