«Қазақмыста» қайғылы жағдай орын алды

«Қазақмыста» қайғылы жағдай орын алды
kazakhmys.kz

2023 жылы 05 қарашада Шығыс Жезқазған кенішінің №57 шахтасында  жазатайым оқиға  болып бір адам қайтыс болды деп хабарлайды almaty-akshamy.kz «Қазақмыс» компаниясына сілтеме жасап.

Жұмысты орындау кезінде 1984 жылғы тау кен шебері өлімге әкелетін жарақат алған. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтауда.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.