Қазақ тілі мен әдебиетінің оқу бағдарламасы жаңартылатын болды

Қазақ тілі мен әдебиетінің оқу бағдарламасы жаңартылатын болды
Сурет: Tengrinews.kz

Оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Ең басты мәселе осы екі пәннің (қазақ тілі мен әдебиеті) оқу бағдарламасын жаңарту болатын. Олардың оқу бағдарламасын міндетті түрде жаңартуымыз керек. Жиналысқа (Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері съезі) келген барлық мұғалімнің көтерген мәселесі де осы. Қазақ әдебиетінің мазмұны болсын, қазақ тілі пәнінің мазмұны болсын, әрине біраз жетілдіретін мәселе бар. Сондықтан жұмыс тобының отырыстарында айтылған бүкіл мәселе шешімін табуы керек. Оның ішінде оқу бағдарламасының мақсаттарын қайта қарау мәселесі де көтерілген еді. Оқытылатын шығармалар, грамматикалау жүйесі, жас ерекшеліктерін ескеру және басқа да мәселелерді әріптестеріміз көтерді. Сол себепті осы проблемаларды шешуді әрі қарай жалғастыру керек. Мұны осы жылы міндетті түрде толық шешуіміз қажет», - деді Аймағамбетов Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, съезд барысында басқа да мәселелер көтерілді. Ол мәселелер де уақыты келгенде жан-жақты пысықталатын болады.