«Қазақ прозасы» антологиясы Әзірбайжанда жарық көрді

«Қазақ прозасы» антологиясы Әзірбайжанда жарық көрді
Сурет: Qazaqstan.tv

Антологияға 54 қаламгердің таңдамалы шығармалары енгізілген.

608 беттік «Қазақ прозасы» антологиясы екі елдің дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толуына арнап шығарылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылдың шілде айында Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Антологияға ұлы Абайдан бастап, 2000-шы жылдары әдебиетке келген жас әдеби ұрпақ өкілдерінен 54 қаламгердің таңдамалы шығармалары енгізілген. Абайдың «Қара сөзінен» үзінділер, Шәкәрімнің нақыл сөздері, құдіретті сөз шебері Мұхтар Әуезов, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Қалихан Ысқақов, Сәкен Жүнісов, Әкім Тарази, Сайын Мұратбеков, Дулат Исабеков, Оралхан Бөкей, Дүкенбай Досжанов, Сәтімжан Санбаев, Роллан Сейсенбаевпен қатар тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ прозасы өкілдерінің шығармалары әзірбайжан оқырмандарының рухани дүниесін байытуда маңызды рөл атқармақ.