Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді

Қазақ-Қытай шекарасында жүк тасымалы тарифі төмендейді
Cурет: 24.kz

Жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды

Екі ел шекарасындағы автокөлік кептелісі 10 күннің ішінде шешімін табады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы  Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде айтылды.

Бақыт Сұлтанов  «Нұр жолы» өткізу бекеті мен «Қорғас – Шығыс қақпасы»  және «Қорғас» халықаралық шекара-маңы ынтымақтастығы орталығына барды.

Онда жүк тасымалдаудың бірыңғай электрондық кезегін ұйымдастыру әдістері талқыланды. Жеке операторларды алып тастау есебінен тасымалдау құнын едәуір қысқарту мәселесі де сөз болды.