Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері кептеліп тұр
Cурет: Inbusiness.kz

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жүк көліктері тағы да кезек күтіп тұр. Бұл жолы Кен-Булун өткелінде кептеліс туындады. Қазір шекарадан өте алмай тұрған көлік саны 200-ге жуық.  Соңғы кезде Қырғызстанда мұндай жағдай жиі қайталанады. Бұл жолы жүк көліктері Кен-Булун өткелінде тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Жүк тиелмеген көліктер Қырғызстаннан Қазақстанға тек осы аралықтан ғана өте алады. Алайда екі күннен бері кезек жылжитын емес.

Талғат Аскеев, көлік жүргізуші:

- Мұнда тұрғанымызға екі күн болды. Көріп тұрған көліктердің барлығы бос, ешбір жүгі жоқ. Қазақстан аумағына кіргізуін күтіп тұрмыз, өйткені бізге сонда жүк тиеу немесе контейнерлерімізді қалдыру керек.

Көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірген жоқ. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын. Сарапшылар мұны қытай тауарының Орталық Азия бойынша транзиті және мол пайда әкелетін өнім болғандықтан сауда тартысы бар деп түсіндіреді. Оған қоса қырғыз экспортёрлері өнімнің сертификаттары мен электронды құжатты талап ететін сауда ережелеріне салақтау.

Темир Шабданалиев, Қырғызстан тасмылдаушылар мен логистер қауымдастығының төрағасы:

- Қырғыз тарапы Жаңа жылдан кейін тауарларды тек электронды құжатпен жіберуге міндеттеме алған. Алайда бұл шартты орындап жатқан жоқпыз. Электронды құжаты жоқ кез келген көлікті қазақстандықтар бақылайды. Сондай көлік көп екенін көріп тұрсыз, сондықтан 200, 300 көлік шекарада тұрып қалды.

Шекарадағы кезекті азайту үшін логисттер бақылаушы органдарға электронды және өзге де құжаттарды шекараға жетпей Қырғызстан аумағында тексеруді ұсынады. Ал құжаттары дұрыс рәсімделген көлік жүрізушілері шекарадан кедергісіз өтеді.