Қазақ-араб тарапы 10 келісімге қол қойды

Қазақ-араб тарапы 10 келісімге қол қойды
Сурет: 24.kz

 Бұл жобалар - Қазақ-араб іскерлік ынтымақтастығының жемісі.

Жамбыл облысының Мирный кентінде қуаты 1 Гигават электр станциясы салынады. Бұдан бөлек, ел аумағында кеме жасайтын тағы бір кәсіпорын құрылуы мүмкін. Климат жөніндегі дүниежүзілік саммит аясында қазақ-араб тарапы бас-аяғы 10 келісімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде жасыл энергетиканы дамыту, теміржол саласы мен орман-климаттық жобалар, табиғи уран концен-траттарын тасымалдау бойынша да бірқатар бастамалар бар.