Қазақ әдебиетінің фотошежіресі

Қазақ әдебиетінің фотошежіресі
Cурет: 24.kz

Алматыда осындай альбом жарыққа шықты. 

Альбом 1920-1970 жылдар аралығын қамтиды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz ақпаратына сәйкес, жинаққа «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде» сақталған аса құнды тарихи құжаттар, белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдардың, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің суреттері кірген. Оның ішінде бұрын еш жерде жарияланбаған фотолар бар. Мәселен, топ болып түскен фотосуреттердегі адамдардың барлығының аты-жөні жазылып, қай жылы түскеніне дейін анықтама берілді. Фотошежірені философия ғылымының канидаты, осы мекеменің бас сарапшысы Жанай Омаров құрастырды. Жинақ қазақ әдебиетіне жанашыр бизнес иесінің демеушілігімен жарық көрді. Тиражы – 200 дана. Алдағы уақытта фотошежіренің екінші кітабын шығару жоспарда бар.

«Көптеген ақын-жазушыларымыздың өмірден өтіп кеткен, солардың ұрпақтары, солардың суреттерін үйінде сақтайды да, оны халық көре бермейді. Бұл кісілер – еліміздің атақты ұлдары, белгілі қоғам қайреткерлері. Олардың өмірі, жалпы шығармалары қазақ халқына қызық және керек», - дейді «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ директоры Ілияс Ысқақов.