«Қайрат» премьер-лигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Қайрат» премьер-лигадағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Сурет: Ашық дереккөз

«Қайрат» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктірді

Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 2-турында «Ақтөбе» кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алғашқы ойын күнін «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Қайрат» (Алматы) командалары түйіндеді.

Павлодар қаласында өткен ойында алматылық клуб сапынан Артур Шушеначев 39, Жоао Паоло 75, Еркебұлан Сейдахмет 88-минутта мергендік танытты.

Оған «Ақсу» ойыншысы Мирас Төлебек 81-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласын 3:1 есебімен тізе бүктіріп, біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Қазірге дейін сырт алаңда елордалық «Астана» Талдықорғанның «Жетісуын» 2:0, шымкенттік «Ордабасы» қарағандылық «Шахтерді» 4:1 есебімен сүріндірді.

Ал «Ақтөбе» өз алаңында «Оқжетпестен» 5:1 есебімен басым түсті.

Ертең, 10 наурызда «Каспий» (Ақтау) мен «Тобыл» (Костанай), «Атырау» мен «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары кездеседі.