Қайрат Құдайбергенді қамауға ұстау мерзімі тағы ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауға ұстау мерзімі тағы ұзарды
Сурет: Ашық дереккөз

Алматы мәслихатының экс-депутаты 21 сәуірге дейін қамауда болады

Алматы мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы мәслихатының экс-депутаты 21 сәуірге дейін қамауда болады.

"Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, материалдармен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін ұзартуға санкция берілді. Қайрат Құдайбергенге қатысты қылмыстық істі бір айға, яғни 2023 жылғы 21 сәуірге дейін", - делінген хабарламада.

2022 жылғы 22 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталған. Қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Кейін Қайрат Құдайберген Amanat партиясынан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылды.

18 мамырда Қайрат Құрайбергеннің адвокаты Әсентай Ақаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ведомствоаралық тергеу тобының қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Қайрат Құдайбергеннің айтуынша, ол тергеу изоляторының камерасында ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлап, қысым көрсеткен.

22 шілдеде Қайрат Құдайберген COVID-19 жұқтырған. Адвокат бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш бергенімен, ол қанағаттандырылмады.