Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Сурет: Тengrinews.kz

Ол қаңтар оқиғасына қатысты қамалған.

Қайрат Құдайберген 21 наурызға дейін қамауда болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының мәліметінше, 2023 жылғы 20 қаңтарда сот шешімімен сотқа дейінгі тергеу органының өтінішхаты қанағаттандырылып, қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы материалдармен танысу кезінде санкция берілді. Қ.Құдайбергенге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оны қамау 2 ай мерзімге, яғни 2023 жылдың 21 наурызына дейін созылды.