Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі 12 желтоқсанға дейін ұзарды

Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі 12 желтоқсанға дейін ұзарды
Сурет: Ашық дереккөз

Қайрат Боранбаевты күзетпен бұлпартпай ұстау шарасы тағы ұзартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2022 жылғы 12 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2 айға ұзартты», - деп атап өтті Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісімен іс қозғап, изоляторға қамаған болатын.

Қазіргі уақытта ірі мөлшерде, оның ішінде шетелде қылмыстық кірісті заңдастыру белгілері бар неғұрлым резонанстық істерді тергеп-тексеру ерекше бақылауда.

Бұл - Қайрат Сатыбалдыұлына, Гүлмира Сатыбалдыға, Қайрат Боранбаевқа, «ӨКМ» ЖШС операторының басшыларына қатысты және басқа істер.

Қазіргі уақытта тергеу органдары қабылдаған шаралардың арқасында шамамен 230 млрд теңге, оның ішінде оларды шетелдік юрисдикциялардан қайтару жолымен өтелді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп-тексеріп жатқан іс бойынша айыпталушылар Лихтенштейннен 170 млн АҚШ долларын өз еркімен қайтарды.