Қауіпсіздік, жарықтандыру және өнер: Қалқаман жер асты өткелі жөнделеді

Қауіпсіздік, жарықтандыру және өнер: Қалқаман жер асты өткелі жөнделеді Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда 2015 жылдан бері алғаш рет №7 қалалық клиникалық аурухананың жанындағы жер асты жаяу жүргіншілер өткелі жөнделеді. 



«Қалқаман» 7 қалалық ауруханасының жанында орналасуына байланысты халық арасында бұл жер асты өткелі «Қалқаман» деп аталады. Жөндеу жұмыстары аясында керамогранитті плиталар орнаттық. Әрі ескі жарық жүйесін толығымен алып тастап, антивандальды шам орнатамыз, бұл жер асты өткелі аумағын жарықтандыруға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қала әкімі өткелдерді жарықтандырып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Жағдайды бақылау үшін полиция пунктімен байланысы бар бейнебақылау камераларын толығымен ауыстырамыз», - деді Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева.




Бейнебақылау өткелдегі стихиялық базарлардың алдын алуға, садақа сұраған адамдарды бақылауға, сонымен қатар, жиі кездесетін дүние-мүлікті қирату секілді бұзақылықтың жолын кесуге септігін тигізеді. 



«Бұрын өткелде дыбыстық құрылғылар болған, бірақ қазір олар істемейді, сондықтан адамдар өтіп бара жатқанда әуен ойнайтындай етіп жаңасы орнатылып жатыр. Біздің жер асты өткелінің ерекшелігі, Қазақстан суретшілер одағынан тапсырыс алдырған панно. Ол темірден жасалады.  Онда бейнеленген Қалқаман батыр біздің шағын ауданымыздың бейнесі іспетті болады. Бұл паннода сауыт-сайманда, қалқандар және әрине, ат жарысы егжей-тегжейлі көрсетілген. Панноның төменгі жағында осы тарихи кейіпкер туралы көбірек білуі үшін QR код орнатамыз, мұның жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор. Қашан пайда болды, қандай әлеуметтік нысандар бар, қандай құрылыс салынып жатыр, қандай мектептер мен балабақшалар ашылады дегендей жалпы, Наурызбай ауданы туралы да білуге болады», - деді Наурызбай ауданының әкімі. 



Қазіргі кезде ауданда үш жер асты өткелі жөнделіп жатыр. Жұмыс 2023 жылдың соңына дейін аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09