Қауіпсіздік мақсатында Алматыда 3050 бақылау камерасы орнатылмақ

Қауіпсіздік мақсатында Алматыда 3050 бақылау камерасы орнатылмақ
Сурет: Ria.ru

Қала жоспары.

Алматыда қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасын қосу жоспарлануда, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. 

Алматылықтар мен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жоспарлар жайында қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Мұндай мәлімдемені ол Мемлекет басшысының Алматыны қалпына келтіру және одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылға арналған жергілікті бюджетті нақтылау бойынша қала мәслихатының XVI сессиясы барысында жасаған болатын. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қаланың құқық қорғау органдары мен Азаматтық қорғанысының материалдық-техникалық базасы қалпына келтіріліп қана қоймай, нығайтылатын болады. Қосымша әлеуметтік нысандар мен адамдар көп жиналатын орындарда 3050 сыртқы бақылау камерасын қосу жоспарлануда»,– деді қала әкімі.