Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды

Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары ұсталды
Сурет: Tengrinews.kz

Ағымдағы жылдың наурыз айында қызметінен босатылған Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов тыңшылық жасады және мемлекеттік құпияны жариялады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздердің мәліметінше, ол үшінші елдердің пайдасына жұмыс істеген. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

М.Шайхутдиновтың өзі қамауға алынды.